Ғалымжан Ильясов басқарма басшысы болып тағайындалды

591

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ильясов Ғалымжан Молдабайұлы Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ғалымжан Молдабайұлы 1970 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша зооинженер, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын 1993 «Қазығұрт» ЛТД өндірістік коммерциялық фирмасы ет комбинатының бас технологы қызметінен бастаған. 1994-2003 жылдар аралығында ОҚО, Қазығұрт ауданының әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, Қазығұрт ауданы Шарапхана ауыл округінің әкімі болып еңбек еткен. 2003-2013 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы, ОҚО ауыл шаруашылығы басқарма бастығының орынбасары болған. 2013 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Еңбекші ауданының әкімі лауазымында абыроймен қызмет атқарды.

Ендігі кезекте басқарма басшысы ретінде Шымкент қаласы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы іс-шараларды жүзег

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі