Сайрам ауданында ретро айтыс өтті

99

Сайрам ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мәңгілік ел жырлайды» тақырыбында республикалық ретро айтыс өтті.

Дүбірлі додаға республикаға танымал шайырлар қатысты. Ал, ақын Ханбибі Есенқарақызы, жазушы Мархабат Байғұт, ақын Нармахан Бегалиев, драматург Сая Қасымбек, ақын Сәбит Әбдірайымов сынды азаматтар қазылық етті.

Жыр додасының жүргізушісі белгілі сықақшы Көпен Әмірбек. Ретро айтыста 4 жұп өнер көрсетіп, сайыс нәтижесінде бас жүлдені түркістандық Бекарыс Шойбеков иеленді. Ал, бірінші орын Серік Қалиевке бұйырса, екінші орынды Анар Жаппарқұлова, ал үшінші орынды Айбек Қалиев еншіледі.

Бақ сынаған өзге айтыскерлерге арнайы жүлделер табысталды. Қазылар алқасының төрағасы, жазушы Мархабат Байғұт ұйымдастырушылар мен айтыскерлерге алғыс айта отырып, алдағы уақытта мұндай шаралар жиі болсын деген тілегін білдірді.

                                                                                           Мөлдір Ибадуллаева