Шымкентте халықаралық олимпиада күні атап өтілді

74

Шымкентте Халықаралық Олимпиада күні аталып өтті. Шара барысында жастарға арналған спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ Франциядағы дүниежүзілік гимназияда медаль алған спортшыларға құрмет көрсетілді.

Шымкенттіктер Франциядағы Дүниежүзілік гимназиядан жеңіспен оралған спортшыларды халықаралық олимпиада күнімен құттықтады. Жеңімпаздар Қазақстан қоржынын қомақты жүлделермен толықтырды. Яғни, халықаралық аренада 87 медальға ие болды.

Эмиль Ахмеджанов гимназияда күміс медальды еншіледі. 17 жастағы жасөспірімнің спортқа деген махаббаты бала кезінде пайда болыпты. Оның қабілетін байқаған әжесі, 4 жастағы Эмильді спортзалға алып барған көрінеді. Соның нәтижесінде, Эмиль қазіргі таңда халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып отыр.

Эмиль Ахмеджанов, спортшы: «Менің алғашқы кубокым Президент Кубогының чемпионатында болды. Онда бірінші орын алдым, маған кубок табыс етілді. Содан кейін мен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атандым. Батумиде бірінші, екінші орын алды. Пензада өнер көрсеттім. Содан кейін Азия чемпионатында өнер көрсеттік, командамен бірге бірінші орын алдық».

Сондай-ақ олимпиада күніне орай жаппай жүгіру шарасы өтті. Екі шақырым жолды жүріп өткен оқушылар Қажымұқан атындағы орталық стадионда мәреге жетті.

Абдулла Алшынбай, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен өзім футболмен төрт жылдан бері айналысып келемін. Бұрын бокспен айналысқам. Мен жалғыз жүгірдім, бірақ достарым менімен бірге келді. Бізге мұндай жүгіру керек, мен физикалық дайындықсыз жүгірдім, сондықтан шаршадым. Алайда мәреге төртінші болып келдім».

Қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 250-ден астам жас спортшылар қатысты. Мұндағы басты мақсат оларды жеңісқа ындаландыру дейді мамандар.

Ермек Дәрменов, Шымкент қалалық спорт және дене шынықтыру басқарма басшысының міндетін атқарушы: «Біз бүгін екі шақырымды жүгіру іс-шарасын ұйымдастырдық. Біздің мақсат жас спортшыларды ынталандыру. Әрі азаматтарды бұқаралық спортқа баулу. Спорт денсаулық кепілі дегендей барша шымкенттіктерді спортпен айналысуға шақырамын. Жалпы алдағы уақытта мұндай шаралар жиі ұйымдастырылатын болады».

Шымкентте спорт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Ұйымдастырушылар болашақта үшінші мегаполис Қазақстанның спортқа жақын қалаларының бірі атанатынына сенімді.

                                                                                            Мөлдір Ибадуллаева