18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын 150-160 доллар аударылады

89

2024 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына жыл сайын 150-160 доллардан аударылады. Қаржы министрлігінің мәліметінше, бала кәмелетке толғанша жинақтағы сома шамамен үш жарым мың долларға жетеді.

Ұлттық қордың инвестициялық табысынан аударылатын ақшаны бала 18 жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл аралығында ала алады. Егер осы уақытта қаражатты өз пайдасына жаратпаса, жиналған сома оның зейнетақы қорына аударылады.

Ал осы табысты азаматтар елімізде немесе шетелде оқуға, баспаналы болуға жұмсай алады. Сондай-ақ, қаражатты бала өзі алуға қауқарсыз болған жағдайда мұрагерлік жолмен ата-аналарының пайдалануына құқық беру де көзделіп отыр.