Амангелді және Қисық көшелерінде орта жөндеу жұмыстары шілдеде басталады

45

Ескі қаладағы Амангелді мен Қисық көшелерінің жөндеу жұмыстарына қатысты қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасынан жауап алдық. Амангелді мен Қисық көшелеріне қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін жұмыс жоспарына сәйкес, шілде айында орташа жөндеу жұмыстары басталады.

Биыл жалпы қаламыздағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында шаһар аумағында 243 нысан яғни, 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдың жалпы ұзындығы 202,6 шақырымды құрайды.Оның ішінде бүгінгі таңда 26 көшеде асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жол құрылыс жұмыстарының нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы жыл соңында 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған.