Түркістанда Абай күніне орай әдеби іс-шаралардың онкүндігі өтеді

43
фото Фараб кітапханасы

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Абай күні қарсаңында әдеби іс-шаралар онкүндігі ұйымдастырылуда. «АБАЙДЫ ОҚЫ, ОРЫНДА!» атты онкүндіктің бағдарламасы:

1 тамыз – «Қазақтың дара туған данасы» – онкүндіктің ашылуы;
2 тамыз – «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі алдында Абай өлеңдерін насихаттау;
3 тамыз – «Біз Абайды білеміз бе?» – әлеуметтік желілердегі танымдық сауалнама;
4 тамыз – «Абай — әлем әдебиетінде» кітапхана оқырмандары арасында викториналық сұрақ;
5 тамыз – «Табиғат, таң қаламын тамашаңа» атты Абай шығармалары бойынша сурет байқауы;
6 тамыз – «Желсіз түнде жарық ай» Жазғы сауықтыру лагеріндегі оқушыларға Абай шығармаларын насихаттау;
7 тамыз – «Абай даналығы – халық мұрасы» тақырыбында ғылыми конференция;
8 тамыз – «Абай үні, Абай лебі», «Оқырман іздейміз» жобасы аясында Абай оқулары;
9 тамыз – «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» — Абай қара сөздерін насихаттау;
10 тамыз – «Қазақтың дара туған данасы» онкүндіктің жабылуы. Абай ескерткішіне тағзым!