Шымкентте ертең жаңбыр жауады

8

«Қазгидромет« РМК Түркістан облысы бойынша филиалы синоптиктерінің болжамы бойынша, ертең, 17 қыркүйекте Шымкентте, күннің екінші жартысында жаңбыр болуы ықтимал.

Солтүстікшығыстан тұрған желдің екпіні 8-13 м/с, кейбір жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +13+15 градус жылы.

18-20 қыркүйек аралығында мегаполисте жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +28,+30 градус, ал түнде сынап бағанасы  +13+15 градус жылылықты көрсетеді.