Шымкенттегі балалар ауруханасы үш күн бойы жарықсыз қалды

347
Балалар ауруханасында жарық жоқ
Сәбилер үш күн жарықсыз ем алды

Жарықтың жыры ауруханаға да жетті. Шымкенттегі №1 балалар ауруханасынының бір бөлімі жарықсыз қалған. Электер энергиясының сөніп қалғанына үш күн болды дейді науқас балалардың ата-аналары. Жығылғанның үстіне жұдырық болып жылы су да тоқтап қалса керек. Ал емдеу мекемесінің басшылығы апаттың орын алуына жер астындағы желілердің істен шығуы себеп деп түсіндіріп әлек.

Мейрамкүл Қырықбаева,емделуші сәбидің әжесі:«Ауруханада үш күн болды жарық жоқ.Тас қараңғыда түртінектеп,баланы жұбату мүмкін емес.Немерем инголяциясыз күн көре алмайды. Оны қабылдамағанызға да үш күн болды.Жылы су да жоқ.Балалар ауруханасының жағдайы мұндай болады деп ойламадым.Ем іздеп келдік қой мұнда.»

Салтанат, емделуші сәбидің анасы:«Дүйсенбі күні түскенбіз.Содан бері жағдайымыз жоқ. Жарық өшсе, жылы сулары да өшеді екен. Баламызды немен шайындырарымызды білмейміз.Тым болмаса қайнаған сулары да жоқ.Медбикелердің кіріп-шығып, беріп жатқан дәрілерін үйде де бере аламыз.Ауруханаға жарық берсін. Қашанғы ертен бередімен күн өткіземіз?»

Науқас балдырғандардың аналарынының шырылдауының жөні бар. Үш күннен бері балаларымызға инголяция жасалмады деп отыр. Өйткені ауруханада жарық жоқ. Салдарынан қиналып жатырмыз дейді.

 

Аурухананың педиатрия бөлімінде тек бір жасқа дейінгі балалар жатады. Олар да қиындыққа тап болған.Бірақ аурухана басшылығы бар кілтипан электр желілерінің істен шығуынан болды деп отыр.

Балалар ауруханасында жарық жоқ

Гауһар Укбаева,Шымкент қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері:«Сейсенбі кещкісін жарық сөніп қалды. Оның себебін анықтау үшін бір күн кетті.Бүгінгі таңда жерасытынан кеткен ахуалды жөнделіп жатыр. Бірақ, балаларға ем-домы үздіксіз берілуде. Жарықты кешке дейін қосамыз.»

Бас дәрігер бүгін тус ауа олқылықтың орны толтырылады деп уәде етті. Инженер мамандар да іске кіріссе керек.

Марат Қалдыбаев, Шымкент қалалық балалар ауруханасының инженері:«Кеше күні бойы себебін анықтап жүріп алдық.Шамамыз жетсе, бүгін қосамыз.Мен аналарды түсініп отырмын, бірақ біздің қолымызда тұрған ешнарсе жоқ».

Дәрігерлердің айтуынша бүгін жарық беру мәселесінде қиындықтар туындаса науқас балаларды басқа бөлімдерге ауыстыру қолға алынады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bm_qOzQIxtw[/youtube]