ОҚО театрларында өткен жылы 35 спектакльдің премьерасы сахналанды АНОНС Жаңалықтар 

ОҚО театрларында өткен жылы 35 спектакльдің премьерасы сахналанды  

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 27 мыңнан астам түрлі деңгейдегі мәдени іс-шара ұйымдастырылған. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасы мәлімдеді. Мәселен, 2017 жылы 13 халықаралық және 19 облыстық, жалпы клуб мекемелерінде 9 989, кітапханаларда 16602, музейлерде 831 көпшілік іс-шара өткізілген. Оның ішінде «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында ерекше өткен «Театр көктемі-2017» фестивалі мен ТҮРКСОЙ театр басшылары кеңесінің мәжілісі, «Күлкі жәрмеңкесі» фестивалі, «ХХ-шы ТҮРКСОЙ халықаралық опера жұлдыздарының» фестивалі, «Ортеке» қуыршақ театрларының фестивалін айтуға болады. Ал облыстаға театрларда отыз бес жаңа спектакльдің премьерасы сахналанып, жалпы 1782 қойылым көрермен назарына ұсынылды. …

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

ОҚО-да өткен жылы ИИДБ аясында 13 жоба іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың он бір айында  индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылды. Атап «Рахат Шымкент» ЖШС-гі вафельді түтікшелер өндірісін ұйымдастыру  жобасын іске қосты. Жоба құны 850 млн. теңге болатын кәсіпорын жылына 1700 тонна өнім өндіреді. Заманауи оңтүстіккореялық технологиялар қолданылатын зауытта 28 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал, Отырар ауданында «Азия агро» ЖШС-нің жүгері өңдейтін зауыты. Жылына 5 мың тонна жүгеріні өңдеуге қауқарлы жобаның құны 619 млн. теңге. Кәсіпорын құс фермаларын құрама жеммен қамтамасыз ету мақсатында өзі жүгеріні өсіріп, қайта өңдейді. Мұнда 16…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте тағы бір «workout» алаңы пайдалануға берілді

«Технодом» компаниясы Шымкент тұрғындарына Абай саябағында ашық аспан астында спортпен шұғылдануға болатын алаң сыйлады. Мұнда кез-келгені, тіпті мүмкіндігі шектеулі азаматтар да әуесқой спортпен айналыса алады. Кіру — тегін. Жаттығу алаңы білікті мамандардың және кәсіби спортшылардың ұсынысымен дайындалған. Бір мезетте 10 адам гимнастикамен айналыса алады. «Біздің компания – салауатты өмір салтын ұстануды насихаттайды. Ашық алаңда спортпен шұғылдану ыңғайлы әрі тиімді. Қала тұрғындары бос уақытында келіп, жаттығу жасауына болады. Таза ауада денені шынықтыру адам бойына күш береді» — дейді компанияның баспасөз қызметі. Алаңда қойылған снарядтардың беріктігі кәсіпқой спортшылармен тексерілген. Және де соңғы үлгідегі…

Read More
Шымкенттегі шатқалдарға биыл 55 мың жасыл желек егілді Жаңалықтар 

Шымкенттегі шатқалдарға биыл 55 мың жасыл желек егілді

Өткен жылы қолға алынған «Шатқал» бағдарламасы аясында биыл Шымкенттегі жеті шатқалда  55 мыңға жуық көшет егілді. Сонымен қатар аталған шатқалдардағы 26 мың текше метрден астам жер көгалдандырылды. Ал көшеттердің жайқалып өсуі үшін жыл басынан бері 17 ұңғыма қазылып, 26 су қоймасы жасалды. Сол арқылы 30 шақырымға жуық суғару жүйесі тартылып, 16 шақырым болатын шатқал аумағы қоршалды. Таяуда облыс әкімі Ж.Түймебаев, қала әкімі Н.Сауранбаев және ерікті жастар мен қала тұрғындары бірлесе аумағы 38 гектар жерді құрайтын Самал шатқалында қарағаш көшеттерін отырғызды. Ағаш егу қасиетті де ұлағатты іс екенін айтқан аймақ басшысы…

Read More
ОҚО әкімі ардагер мен көпбалалы отбасын құттықтады Жаңалықтар 

ОҚО әкімі ардагер мен көпбалалы отбасын құттықтады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагері Қаратай Төлебеков пен көпбалалы отбасылардың шаңырақтарында болды. Өңір басшысы ең алдымен майдангер  Қаратай Төлебековті мерекемен құттықтап отбасына барды. Еңбек ардагеріне құрмет көрсеткен әкім өңірдегі атқарылған жемісті жұмыстарды атап өтіп, бүгінгі жастардың іскерлігін сөз етті. — Бүгінгі жас ұрпақ өзіңіздей тұлғаларға еліктеп өсуі керек. Сол арқылы еңбекқорлықты, батырлықты бойына сіңіреді. Қазыналы қарттарымыз ұлағатты болашағымыздың кепілі. Еліміздегі барлық ардагерлеріміздің дендері сау, жастары ұзақ болғай, — деді әкім. Қаратай Мұратбекұлы 1942-1945 жалдары Калинин, ІІ Балтық фронттарында қатардағы жауынгер, кіші…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

ОҚО-да жаңа жыл түні 300 бала дүние есігін ашты

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жаңа жыл түні жалпы саны 300 бала өмірге келді» деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі. Бір ғана №2 облыстық перинатальдық орталықта 17 бала туылған. Орталық дәрігерлері бұл жылдағыға қарағанда жоғары көрсеткіш деп отыр. Жыл басында дүниеге сәби әкелген қала тұрғыны Ақсәуле Дәулетова: «Бұл менің үшінші перзентім. Тұңғыштарым егіздер. Сәбиімнің жағдайы жақсы. Дәрігерлерге алғысым шексіз. Мереке күні тынбай жұмыс істеді. Елімізде жылдан жылға халық саны көбейе берсін».

Read More