Шымкентте конкурдан ашық біріншілік өтті Спорт 

Шымкентте конкурдан ашық біріншілік өтті

Нұрилә Тұрысбек — конкурдан спорт шеберіне үміткер. Оның сәйгүлікті тізгіндегеніне көп болған жоқ. Дегенмен, осыған қарамастан бойжеткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына нормативті орындап шықты. Енді 2018 жылдың қаңтар айында жерлесімізге жолдама берілуі тиіс. Ал оған дейін спортшы ару шеберлігін шыңдауда. Әр жарыста перзентін қолдау үшін Нұриләнің анасы арнайы келеді. Бүгін де ол қызының ептілігін трибунадан бақылап отыр. Қазақстан тәуелсіздігі күніне арналған ашық біріншілікте шымкенттіктермен бірге Алматыдан келген қонақтар да қатысты. Биылғы маусымды қорытындылайтын турнирге Оңтүстіктің барлық жеткіншектері алаңға шығып отыр. Олар дайындықтарын байқап, келесі жылға дайындығын бастайды. Жарыс бір күн…

Read More
АНОНС Спорт 

Чемпиондарға көлік сыйлады

Бокстан Әлем чемпиондарын марапаттау жалғасуда. Бұл жолы Оңтүстік Қазақстан облыстық бокс федерациясы ел намысын қорғаған жерлестерімізге сый-сыяпат жасады. Асқар Тұрысбеков бастаған ұжым Гамбургте өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Қайрат Ералиевке және Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановқа қос темір тұлпардың кілтін табыс етті. Ал, қола медаль иесі Ержан Жомарт пен оның жеке бапкеріне ақшалай сыйлық жасады. Сонымен қатар, оңтүстіктің негізгі командасы Конфедерация Кубогында топты жарғаны үшін алғыс ретінде спорттық киім алды. Демалыс күні өткен «Жеңіс тойы» мұнымен шектелмеді. Қайраттың ағалары Мырзағали Айтжановты тұлпарға мінгізіп, чемпионның өзіне ақшалай сый жасады.

Read More
Бокстан Әлем чемпиондары бір апталық демалысқа кетті Спорт 

Бокстан Әлем чемпиондары бір апталық демалысқа кетті

Германияда өткен Әлем чемпионатында оңтүстіктің үш боксшысы жүлде үшін таласты. Алайда, олардың екеуі көздеген мақсатына жете алды. Қайрат Ералиев — чемпион атанса, Ержан Жомарт — қола медль иесі атанды. Жарыс аяқтала салысымен жерлестеріміз Шымкентке оралды. Оларды ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов бастап келді. Ел мақтаныштарын қарсы алуға бір қауым ел жиналды. Әр жерлесіміз бауырына басып, гүлін сыйлауға асықты. Қайрат Ералиев те осыған дейін әлемдік аренада сынға түскен. Сол себепті бұл жолы оның басты жоспары алтын медаль болатын. Қарсыластары мықты болды. Төрт жекпе-жектің арасынан өзбекстандық боксшыдан басым болуы ол үшін…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкенттегі Мұз сарайы жекешелендірілді

Шымкенттің тағы бір спорт кешені жекешелендірілді. Бұл жолы электронды аукционнан «Мұз сарайы» сатылып отыр. Осыған дейін мемлекеттің еншісінде бұл спорт ордасының 67 пайыз акциясы ғана қарасты болатын. Бүгінде нысан 128 миллион теңгеге сатылыпты. Естеріңізге салайық, «Мұз сарайы» — облысымыздағы қысқы спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік беретін жалғыз орын. Қалалық № 8 спорт мектебінің 450 шәкірті осында дайындалады. Соңғы жылдары республикалық турнирлер де осы «Мұз сарайында» өткен еді. Енді спорт кешенінің жаңа қожайыны кім екені әзірге белгісіз. Жаз бойына жабық тұрған Мұз сарайының есігі 31 тамыз күні ғана қайта ашылған болатын. Спорт…

Read More
Жаңалықтар 

Қазақстандағы жалғыз ескек есушілер базасы жабылып қалуы мүмкін

Оңтүстіктегі ескек есушілердің спорттық базасы қыста жабылып қалуы әбден мүмкін. Осыдан 2 жыл бұрын іске қосылған су спорты түрлерінің әмбебап кешені бүгінде қайта жөндеуді талап етеді. Ғимараттың сыртқы келбеті сын көтермейді. Әрлеп-сырлаудан бөлек, есік-терезені де ауыстыру қажет екенін спорт ордасының бүгінгі қызметкерлері алға тартады. Ал бұл нысанның құрылысына жауапты мердігер компания жөндеу жұмыстарына білек сыбана кіріспей жүргенге ұқсайды. Ескекшілерге жөндеу жұмыстарын 29 мамырда аяқтаймыз деп уәде бергенімен, әлі күнге дейін іс алға баспаған. Айта кетейік, бұл спорттық нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 600 миллионнан астам теңге бөлінген болатын. Мұндағы жылу қазандығының…

Read More
Оңтүстікте жыл үздіктері марапатталды Жаңалықтар 

Оңтүстікте жыл үздіктері марапатталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтарға «Жыл үздігі» номинациясы табысталды. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жыл бойы атқарған істі бағалап, сол жолда жемісті еңбек еткен азаматтар мен еңбек ұжымдарын 52 аталым бойынша марапаттап, құттықтады. — Дана халқымыздың «Ел мерейі – ер мерейі» деген сөзі бар. Өзінің туып-өскен жері үшін, елі үшін еңбек еткен әр адамның еңбегі еленуі тиіс, — деді әкім өз сөзінде. — Халық тарапынан бағасын алуы керек. Бұл біздің елдігімізді көрсететін дүние. Елбасымыз Жолдауларында…

Read More