АНОНС Жаңалықтар 

Көкбұлақтықтар өтемақыларына қол жеткізе алмай отыр

Шымкентте Көкбұлақ шағынауданындағы 16 үйдің тұрғыны сүрілетін баспаналарына берілетін өтемақыға қолы жетпей отыр. Айтуларынша, сот шешімімен бұзылатын үйлерге әкімдіктегілер «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры арқылы өтемақы төлейміз деп уәде еткен. Алайда жарты жылда баспаналы боласыздар деп сендірген жергілікті билік өкілдерінің сөзі құрғақ күйінде қалып отыр. Көкбұлақтықтардың осыған дейін сот шешімімен келіспей шу шығарғаны есте. Алайда, көпшілік қазір баспана нарқына келісіп отыр. Бірақ өтемақының төленуі созбалаңға салынды деп налиды. Сот шешімімен баспаналары сүрілетін тұрғындарға жер телімдері берілген. Үйдің нарқы да нақтыланған. Алайда тұрғындар бұл сомалар биыл әжептеуір қаражат болғанымен, келер жылы құнсыздана…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

Тұрғындар талаптары орындалмаса «тұрғылықты жерімізден көшпейміз» деп отыр

Қошқарата өзені бойындағы көше тұрғындары журналистерден мәселені билік назарына жеткізуді сұрап отыр. Олар кімге сенерімізді білмейміз деп ызалануда. Көшеге жиналған жұрт, талаптары орындалмаса, тұрғылықты жерінен кетпейміз деп бекініп отыр. Қошқарата бойында орналасқан көше тұрғындарынан маза қашқалы қашан. Олар алдағы қыс маусымына қалай қамдануды білмей дал. Негізі, ескі қаладағы үйлер сүріледі деген хабардың тарағанына бірнеше жыл болды. Алайда, оның нақты қашан іске асатынын ешкім дөп басып айтпайды. Баспаналарының қай күні сүрілетінін біле алмаған тұрғындардың көкейінде сауал көп. Жауап жоқ. Нәтижесінде, далада қаламыз ба деп қорқады. Өйткені, сүрілетін үйлерді бағалау жұмыстары басталып…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

Тұрғындар төленетін өтемақыға наразы

Шымкентте үйлері бұзылатын тұрғындар төленетін өтемақыға наразы. Жергілікті халық «Ескі қалашық» деп атап кеткен аймақта 73 баспана сүрілгелі тұр. Ескі болса да қала орталығындағы үйлері бар азаматтар «далада қалмаймыз ба?» деп қорқады. Құрылыс нысандарының бұзылатыны жайлы хабар алған жұрт билікке өтініш-талаптарын айтып отыр. Аталған аумақтағы үйдің тұрғындары баспанасынан көшуден үзілді-кесілді бас тартып отыр. Өйткені үйлеріміз ескі болса да орталықта дейді. Мектеп, дүкен, жұмыс жайы — бәрі жақын. Рахима Гияеваның осында тұрып жатқанына 60 жылдан асқан. Қазір бұл үйде 12 адам тұрады. «Енді тұрғылықты жерімді алса, балаларым далада қалады», — дейді…

Read More
Шымкент әкімі мұнай базасындағы өртті сөндіргендерде алғыс жариялады АНОНС Жаңалықтар 

Мұнай базасының басшылығы қаза тапқан оператордың туыстарына өтемақы төлейді

Шымкентте мұнай базасында шыққан өрттен қаза тапқан операторлың отбасына берілетін өтемақы туралы белгілі болды. Кәсіпорын марқұмның туыстарына 1 миллионға жуық теңге төлемек. Акционерлік қоғамның заңгері ұжымдық келісім-шартта қызметкер өндірісте қаза тапқан жағдайда осыншама өтемақы төленетіні жазылған дейді. Заңгер Берік Серкінбаев жұмысшының отбасы мұнымен қоса сақтандыру төлеміне де қол жеткізеді дейді. Жерлеу рәсімін де компания көтермек. 46 жастағы марқұм кәсіпорында 4 айдан бері жұмыс істеп келе жатыр екен. Соңында жұбайы мен 4 баласы қалды. Берік Серкінбаев, «Шымкент мұнай өнімдері» АҚ заңгері: «Біз марқұмның жерлеуіне көмектесіп, 40 күндігіне отбасына 200 мың теңге…

Read More
Оңтүстікте ескі көліктерді қабылдау науқаны басталды Жаңалықтар 

Оңтүстікте ескі көліктерді қабылдау науқаны басталды

Ескіні жамап, есі кеткен жұрт жаңа акцияны кәдесіне жаратпақ. Ескі автокөліктерді қабылдау науқаны Оңтүстікте де басталды. Бұл шара 21-қарашада қолға алынған. Жарты ай ішінде қазір ондаған көлік иесі өзінің ескі көлігін өткізіп, тиісті өтемақысын алып үлгерген. Аталған акция бүкіл республика көлемінде жүзеге асырылып жатыр. Қозғалыс қайнаған жолдарда ескі көлігін жөндеумен есі кететін жұртшылық акцияның нәтижесінде сыры кеткен мүлкін кәдесіне жарата ала ма? Елдің ескісін қабылдауға мемлекет тарапынан арнайы қаражат бөлген құзырлылар Оңтүстіктің еншісіне 1150 квота белгілепті. Бірақ жарты ай ішінде аталған бағдарлама бойынша темір тұлпарын өткізуге тек 40 адам ниет…

Read More
Банк өкілдері Жаңалықтар 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мыңнан аса салымшысы өтемақы алуы мүмкін

Облыс бойынша мыңнан аса тұрғын үй, құрылыс жинақ банкінің салымшысы өтемақы алуға өтініш білдіріпті. Бұл туралы банк филиалының директоры Қасымбек Мәліков мәлім етті. Банк өкілдерінің айтуынша, облыс бойынша мұндай көмекке 31 мыңға жуық салымшы қол жеткізе алады. Өтемақы 2015 жылдың 18 тамызына дейін депозитке 1 млн теңгеден асатын қаражат салған азаматтарға тиесілі. Өтініштер халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданады. Тұрғын үй, құрылыс жинақ банкінің клиенттерінің 467 мыңымен қайта келісім-шарт жасайды. Оларға 172 млрд теңге көлемінде өтемақы төленеді. Банк қызметкерлерінің айтуынша, бұл мақсатта банктің өз қаражатымен қоса мемлекет бюджетінен де қаржы қарастырылған.

Read More