АНОНС Жаңалықтар 

«Тұрақтандыру қоры картоп бағасының күрт өсуіне жол бермейді»

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы «Оңтүстік Азық түлік компаниясы» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Жандос Қалдарбекұлы:      — Оңтүстік тұрақтандыру қорының тізіміне жаңа өнім түрлері енгізілді ме?     — ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 9 қазанындағы №1280 қаулысымен бекітілген өңірлік азық түлік тауарлары қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаттарына байланысты ОҚО Тұрақтандыру қоры қалыптасты. Қорда бүгінгі таңда 200 тонна сиыр еті, 1240 тонна шекер, 2500 тонна бірінші сұрыпты бидай ұны, 2000 тонна картоп, 1000 тонна пияз бар. Қазіргі таңда тұрақтандыру қоры тұрақты жұмыс істеуде.     — Тұрақтандыру қоры қымбатшылықтан құтқара…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

Әлеуметтік дүкенде бәрі арзан…

Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылында бүгін әлеуметтік дүкен ашылды. Дүкен аз қамтамасыз етілген отбасылардың тұтынушыларына арналған және ондағы тауарлар базар бағасынан 20-30 пайызға арзан. Дүкеннің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен, Майлыкент ауылдық округінің әкімі Келесбек Жартыбаев сөз сөйлеп, дүкеннің жұмысына сәттілік тіледі. К.Жартыбаев: «Біз көкөніс еккен шаруалардың өзімен тікелей келісімшартка отырдық, мұнан соң, өзімізде макарон шығаратын «Алтын дән» фирмасымен де келісімге келдік. Тікелей жеткіземіз, арзан болып отырғаны сондықтан» деді. Мұнда картоптың келісі 85 теңгеден, қант 190 теңгеден сатылып жатыр және тағы басқа төмен бағада азық-түлік өнімдері бар. Арзан бағада…

Read More
Шымкентте алаяқтыққа қатысты күдікті іздестірілуде Жаңалықтар 

Шымкентте алаяқтыққа қатысты күдікті іздестірілуде

Шымкентте алаяқтыққа қатысты күдікті іздестірілуде. Тәртіп сақшылары ол жігіт түрлі сауда орындарының иелері мен қызметкерлерін алдып, ақша алған деп отыр. Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз жігіт сенімдеріне кіріп, ұялы телефоны немесе көліктің кілтін кепілдікке қалдыра отырып қарызға ақша алған. Мысалы, 15 мамыр күні Әл Фараби полиция бөліміне 48 жастағы Шымкент тұрғыны шағымданып келді. Айтуынша, дүкеніне келген белгісіз азамат сеніміне кіріп, 30 мың теңгесін алған. Содан кейін ізін суытыпты. Жас жігіттің жүріс-тұрысы камерадағы бейнекамераға жазылып қалған. Осы факті тіркеліп, қылмысты кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өңірдің полицейлері осы…

Read More
Мәскеудегі ОҚО дүкені Жаңалықтар 

Ресейде Оңтүстік Қазақстанның сауда-көрме залы ашылды

Мәскеудің ең ірі «Фуд сити» көтерме-бөлшек сауда азық-түлік орталығында «Оңтүстік Қазақстан» сауда-көрме залы ашылды. Жобаны Ресейдегі Қазақстан елшілігінің және сауда өкілдігінің қолдауымен «KazFood» брендімен «Призма групп» компаниясы ұйымдастырып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайты жазады. Сауда-көрме залының салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің орынбасары Гүлжан Бодықова, «Фуд сити» агрокластерінің бас директоры Омар Абрамов, ресейлік бизнес және қазақстандық кәсіпорын өкілдері қатысты. С.Тұяқбаев мырза Мәскеудің ірі сауда орталығында Оңтүстік Қазақстанның тұрақты жұмыс істейтін көрме орталығының ашылуы қазақстандық және ресейлік тараптың ұзақ уақыттан бері…

Read More
Ұрланған заттар Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Студенттер отырыс үшін дүкен тонады

Шымкентте сауық кешін өткізу үшін ұрлық жасаған студенттер қолға түсті. Үш бозбала дүкенге заңсыз кіріп, кеш дастарханына қажетті азықты тегін алып кетпек болған. Тәртіп сақшыларының шұғыл әрекетінің нәтижесінде олар ұсталып, жоспарланған кештері өтпей қалды. Отырысқа ақша таппай, оңай олжаға ие болуды көздеген үш студент дүкенге шатырдан кіріпті. Алдымен кассадағы ақшаны ұрлап, сосын дастарханға керегін алып, тайып тұрмақ болған. Бірақ оларға жол-патрульдік полициясы полкінің инспекторлары бөгет жасайды. Қылмысқа барған жігіттердің жасы — 18де. Өздерін Шымкент университетінің студентіміз деп таныстырды. Одан әрі ештеңе айтқысы келмеген бозбалалар бұл әрекетке не себепті барғандары туралы…

Read More
Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Бір түнде екі өрт шықты (фото, видео)

Шымкентте бір күнде екі бірдей ірі өрт оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мекемесінің баспасөз қызметі хабарлайды. Алдымен таңғы сағат 5-тер шамасында «Көмешбұлақ» базарында өрт шықты. Дегенмен, базар емес, ондағы асхана өртенген. Аумағы 200 шаршы метрден астам асхана жанып кетті. Оқиға орнына 9 өрт техникасы мен 39 өрт сөндіруші шұғыл аттанады. Анық болғаны,«Арзиева» жеке кәсіпкерлігіне қарасты « Гүлнәр» дәмханасынан өрт шыққан. Оған жапсарласа соғылған «Көмешбұлақ» базарының екі қабатты сауда қатарының жалпы көлемі 168 ш.м., екінші қабатында жалпы көлемі 30 ш.м….

Read More