Байтұрсынов көшесіндегі құбыр ауыстырылуда АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте бірнеше жолды жөндеу басталды

Көлік жүргізушілер назарына! Шымкентте бірнеше жолда жөндеу жұмыстары басталды. Осыған орай жауаптылар қала тұрғындарынан мұқият болуды сұранады. Мысалы, ескі қалашықтағы Амангелді көшесі жабық. Мұнда да жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Бұған қоса тиісті жұмыс Жиделі шағынауданында да атқарылуда. Мұндағы Тұрдалиев және Беркімбаев көшелері толық жөнделіп, асфатьттың алғашқы қабаты төселіп үлгерді. Бұған қоса жөндеу жұмыстары Сыпырған ата көшесінде, А-2 және Темірлан тасжолдарында жүргізілуде. Құрылысшылар уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.

Read More
Шымкенттің көшелері жөнделуде АНОНС Жаңалықтар 

Шымкенттің көшелері жөнделуде

Шымкентте жолдарды жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Елтай елдімекеніндегі көшелерге асфальт төселуде. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қазіргі таңда дәл осындай жұмыс шаһардың көптеген көшелерінде қолға алынған деп хабарлады. — Жөндеу жұмыстарының тұтас кестесі бар. Қажет жерінде көшеге тұтасымен жаңадан асфальт төселеді. Мысалы, Елтай ауылындағы Молдағұлова көшесі. Жолдың ұзындығы — 1200 метр, — дейді бөлімнің сектор меңгерушісі Елтай Есіркепов. Жалпы алғанда Шымкенттегі 19 көше орташа дәрежеде жөнделеді. Ал 5 көшеде жаяу жүргіншілер жолы салынады деп жоспарланып отыр. Көшелерді орташа жөндеу 1. Шымкент қ. Қаратау ауданы Мәртөбе тұрғын…

Read More
Балшыққа батқан Қаратау көшесі... Жаңалықтар 

Шымкенттегі Сыпырған ата көшесі жабылады

Шымкенттің бас жоспарына орай Арғынбеков көшесі ұзаруда. Қазіргі таңда бұл көшені Темірлан тасжолымен қосу мақсатында Сыпырған ата көшесінде құрылыс жүріп жатыр. Осыған орай жауапты мамандар Сыпырған ата көшесінің Арғынбеков көшесінен Темірлан тасжолына дейінгі бөлігі 15 наурыздан 15 маусымға дейін жабық болады деп ескертеді.

Read More
Шымкент жолдары жаңаруда Жаңалықтар 

Шымкент жолдары жаңаруда

Шымкенттің 98 көшесінде орташа жөндеу және аяқ жол салу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда Тәуке хан мен Қонаев даңғылдарының қиылысында жаяу жүргіншілер өткелі салынып, Темірлан тасжолы мен Алматы-Ташкент автожолы қиылысындағы жол-көлік өткелі жөнделуде. Жалпы қала ішіндегі 90 көшені күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды. Өткен жылы қайта құру жұмыстары басталған 7 көше және Қапал батыр көшесіндегі теміржол үстіндегі өткел, Темірлан тас жолы мен Мангельдин көшелері қиылысында жер үстіне салынатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын жалғастыруға сметалық құжаттар әзірленген. Шаһардағы 3 шағынауданның 13 көшесінде қайта құру жұмыстарын аяқтауға, 14 шағынауданның 59…

Read More
Шымкент әкімі қала тұрғынының шағымына жауап берді Жаңалықтар 

Шымкент әкімі қала тұрғынының шағымына жауап берді

Шымкент әкімі қаладағы нашар көшелерге шағымданған тұрғынның видеосын назардан тыс қалдырмады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Таяуда Youtube видео-хостингінде Шымкент тұрғыны қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа жасаған арызы жайлы видео жарияланған еді. Онда қала тұрғыны тозып кеткен Мангельдин көшесіне назар аударуды өтініп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоғын, жол шетіндегі гүл дестелерінің қурап қалғанын көрсеткен. Бүгін шаһар басшысы осы салаға жауапты мамандарды бастап, сол көшені тексеруге барды. Маңайды бақылаған әкім тез арада көшелерді шұңқырларды бітеп, арық-атыздарды тазалауға тапсырма берді. Бұған қоса жол шетіне жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін жол жасалатын болды….

Read More
Қалаға қосылған ауылдардың жолына асфальт төсеу басталды Жаңалықтар 

Қалаға қосылған ауылдардың жолына асфальт төсеу басталды

Шымкент аумағына енген 40-тан астам елдімекен шаһар кейпіне енетін күн жақын. Жергілікті билік қыруар қаржы бөліп, ауыл-аймақтарға инфрақұрылым тартуды көздеп отыр. Бірінші болып Жыланбұзған ауылына жол салынды. Тағы да 138 көшені тақтайдай тегістеу жоспары бар. 500-ден астам түтіні бар Жыланбұзған елдімекенінде бұрын-соңды асфальт жол болмаған.Осы ауылдың ақсақалдары тақтайдан тегіс жолда жүру бізге бұйырмаған деп әзілдескен екен. Енді, міне, ені 5 метр, ал ұзындығы 3 шақырымнан астам асфальт төсеу қолға алыныпты. Оған жергілікті бюджетен 40 млн теңге бөлінген. Жалпы, биылжол салуға қала бюджетінен 2 млрд 300 млн теңге қаралыпты. Ол өткен жылмен…

Read More