Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды АНОНС Жаңалықтар 

Тәуелсіздік күні өңірге еңбегі сіңген азаматтар марапатталды

Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!» салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік кеште сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. — Тәуелсіздік күні – ұлы мереке. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы азаттықтың ақ таңы түбі бір атарынан үміт үзбей Тәуелсіздік алуды армандап өтті. Ұлан-ғайыр даланы аман сақтау үшін жанқиярлықпен күресті. Халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалып, еліміз егемендікке қол жеткізді.  Міне, біз бүгін еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнін жиырма алтыншы рет тойлап отырмыз. Қазақ елінің осынау жылдарда қол жеткізген жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш…

Read More
ОҚО әкімінің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы Жаңалықтар 

ОҚО әкімінің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Сіздерді барша арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлық мерекеміз – Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ширек ғасыр бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатымен дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария етіп, мәңгілік ел болудың бірегей қадамын жасадық. Ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жетті. Тарихи оқиғалар тоғысқан 16 желтоқсан біз үшін қасиетті күн саналды! Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың 25 жылда бағындырған белестері орасан. Осы уақыт аралығында…

Read More
Тәуелсіздік сарайында мерекелік жиын өтті Жаңалықтар 

Тәуелсіздік сарайында мерекелік жиын өтті

Бүгін мемлекет басшысының қатысуымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Елордадағы Тәуелсіздік сарайындағы ауқымды іс-шара тікелей эфирде көрсетіліп, оған Қазақстанның барлық облысы телекөпір арқылы қосылды. Арасында Оңтүстік Қазақстан өлкесі де бар. Астанаға арнайы шақырылған азаматтармен қатар облыстың зиялы қауымы мен қоғам белсенділері, жастар мен этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері мерейлі мерекеде айтылған тілек, жүрекжарды ойлар мен түйінделген ойларды тыңдады. Облыс әкімдігінің мәжіліс залы лық толы. Елордаға бармаса да жерлестеріміз Президенттің әрбір қазақстандыққа айтқан құттықтауын тікелей байланыс арқылы, бір залда отырғандай естіді. Небәрі екі мүшелді ғана еңсерген, жалындаған жас жігіттің шағында тұрған…

Read More
№46 мектеп-лицейінің оқушылары тәуелсіздік күнін атап өтті Компания жаңалығы 

№46 мектеп-лицейінің оқушылары тәуелсіздік күнін атап өтті

Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын жас ұрпақ ерте бастан сіңіруі тиіс! Мектеп қабырғасындағы оқушылар осыны ұғынуы керек. Осы мақсатта қаламызда №46 мектеп-лицейінің оқушылары ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекенің мерейін айқындайтын, «Біз — Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз!» форумын ұйымдастырды. Егеменді елдің жылнамасын жас ұрпақ жадына сіңіруі тиіс. Үш тілде өткен шараның басты мақсаты да осы еді. Салтанатты кеште оқушылар Қазақстан тарихынан көріністер қойып, сыр шертті. Сонымен қатар көңілді әндер шырқалып, биден шашу шашылды. Мұнымен шектеліп қалмаймыз дейді мектеп басшылығы. Олардың айтуынша, тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 15 желтоқсанға дейін атқарылатын іс-шаралар жоспары нақтыланып,…

Read More
Бүркіт Жаңалықтар 

Эстрада жұлдыздары шымкенттіктерді мерекемен құттықтады

16 желтоқсан — әр қазақстандық үшін ұлық мереке. Айтулы күнді шымкенттіктер Әл Фараби алаңында қарсы алды. Мерекелік концерт жергілікті әншілердің ән тартуы мен студент жастардың бірдей қозғалған флешмоб биінен бастау алды. Күннің салқындығына қарамай орталық алаң тұрғындарға лық толы. Келушілердің көңіл-күйлері де жоғары дәрежеде. Себебі бұл мереке — ел үшін ерекше мейрам. Бұл кеште айтылған әннің барлығы дерлік Қазақстан, дархан дала, тұғырлы отанымыз турасында болды. Жастар қауымы қосыла ән шырқап, өнерпаздарды ерекше қошеметтеді. Кештің соңына қарай көрермендердің саны екі есеге көбейді. 24 жылдық мерейтойға жергілікті өнерпаздардан бөлек танымал әншілер де…

Read More
Жаңа пәтер Жаңалықтар 

Шардара тұрғындары баспаналы болды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында шардаралықтар қуанышқа бөленді. Мұнда Достық пен Көксу ауылында 140 орынды балабақша ел игілігіне берілді. Шардара ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, балабақша барлық талаптарға сай, құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда 140 бала 6 топқа бөлініп тәрбиеленуде. Сонымен қатар Ақ алтын ауылында аудандық бюджет есебінен 60 орынды жаңа балабақша салынып, пайдалануға берілді. Жаңа ғимараттардың іске қосылуына байланысты 80-ге жуық азамат жұмыспен қамтылды. Ғимараттың сметалық құны — 151 442 987 теңге. Мұнан кейін ауыл тұрғындары күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйіне жиналды. 400 адам сиятын бұл ғимарат та жұмыс істеп тұрғанымен, әбден тозығы жеткен болатын.…

Read More