Шырайлы Шымкенттен Өскеменге ауылшаруашылық өнімдері жіберілді

Оңтүстіктен жеткізілген өнімдердің барлығы нарықтағы базар бағасынан 10-20%-ға дейін арзандатылған бағада сатылатын болады
Оңтүстіктен жеткізілген өнімдердің барлығы нарықтағы базар бағасынан 10-20%-ға дейін арзандатылған бағада сатылатын болады

Шырайлы Шымкенттен – Шұғылалы Шығысқа 2012 жылдың 13 қазанында Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Өскемендегі жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек. Атап айтар болсақ, үндік еті – 10 тонна, қызанақ – 12 тонна, қияр – 12 тонна, болгар бұрышы – 15 тонна, ассорти көк сөк – 3, асқабақ – 10, алма,алмұрт – 30 тонна, жүзім – 20 тонна, қауын-қарбыз – 10 тонна, кептірілген жеміс – 3 тонна жаңғақ, күріш – 6,5 тонна.

Оңтүстіктен жеткізілген өнімдердің барлығы нарықтағы базар бағасынан 10-20% – ға дейін арзандатылған бағада сатылатын болады. Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы үш жылда егістіктің көлемі 737,7 мың гектарға артқан. Нәтижесінде ағымдағы жылы 163 мың тонна астық, 57 мың тонна мақсары, 138 мың тонна картоп, 637 мың тонна көкөніс, 37 мың тонна жеміс-жидек пен 123 мың тонна жүзім және 1010 мың тонна бақша өндірілді.

Жылыжайдың көлемі 536 га, тамшылатып суару тәсілін ендіру 20,0 мың га құрады. Көкөніс пен картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және алма сақтайтын қойманың қуаттылығы 166 мың тоннаға жеткізілді. Мал шаруашылығы саласында төрт түлік мал басы үш жылдың ішінде: мүйізді ірі қара 9,5 пайыз, қой мен ешкі 7,2 пайыз, жылқы 20 пайыз және түйе 16 пайызға артса, ауылшаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 54,4 пайызға артты.