Германия елшісі қаланы сумен қамту жұмыстарымен танысты

26

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не Германия Федеративтік Республикасының елшісі Моника Иверсен арнайы келді. Сапар аясында ол жергілікті мамандарға жаңа технологиялық мүмкіндіктер туралы айтып берді. Сонымен қатар олар су үнемдеу жолдарымен бөлісті.

Германия Федеративтік Республикасының елшісі өз делегациясымен бірге «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметімен танысты. Компания директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев өз кезегінде ауыз судың қатаң есебіне, есептеу құралдарын енгізуге егжей-тегжейлі тоқталды. Соның арқасында халық тарапынан су тұтынуды бірнеше есе азайтуға мүмкіндік туғанын жеткізді. Оның сөзінше суды өндіру мен тарату және ағынды суларды өңдеуде жаңа технологияларды енгізу құнды ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Мұнда игі шара Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің арқасында енгізілген.

Моника Иверсен, ГФР елшісі: «Су ресурстарын тиімді басқару, бұл инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және қайта құру, халық тарапынан ғана емес, ауыл шаруашылығында да су тұтынуды қысқарту, бұл жаңа технологияларды енгізуді білдіреді. Ағынды суларды тазарту және оларды қайта пайдалану өте маңызды. Осының бәрімен жұмыс істеп жатқаныңыздан біз қатты әсер алдық»

Халықаралық қауымдастық ауыз су мен суармалы судың жетіспеушілігі болашақта елеулі аймақтық қақтығыстарға себеп болуы мүмкін деп санайды. Моника Иверсеннің айтуынша тіршілік нәрін тиімді басқару қолға алынбаса, қауіп жыл сайын арта түседі. Ал мәселені шешу үшін мол тәжірибе қажет. Германия елшісі Қазақстанда су ресурстары және ирригация министрлігін құру өте уақтылы қадам екенін атап өтті.

Моника Иверсен, ГФР елшісі: «Су ресурстарын басқаруға, ұйымдастыруға байланысты органдар жағдайды жақсарту үшін сіздің тәжірибеңізді қабылдау үшін кезекке тұруы керек. Сіздерде басқа су шаруашылығы ұйымдарының әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігі бар деп үміттенеміз»

Сапар соңында неміс делегациясы орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен, суды өндіру және тарату процесінде қолданылатын цифрлық технологиялармен таныстырып шықты. Сонымен қатар мамандар кәріз-тазарту құрылыстары кешенінің жұмысы туралы толығырақ айтып берді.