«Назарбаев мектебіне» құжат қабылдау жалғасады

Бұған дейін де оқырманға хабарлағанымыздай Шымкентте «Назарбаев зияткерлік мектептері», біреуі «Қайтпас», екіншісі «Нұрсәт» шағынаудандарында ашылады

Бұған дейін де оқырманға хабарлағанымыздай Шымкентте «Назарбаев зияткерлік мектептері»,  біреуі  «Қайтпас», екіншісі «Нұрсәт» шағынаудандарында ашылады.  Бұл білім ордалары оқушыларды физика-математика және химия-биология пәндері бойынша оқытады.

Өткен аптада облысымызда осы мектептерге талапкерлердің құжаттарын қабылдау жүрген болатын. Алайда Астанадан арнайы келген «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың айтуынша, халқы көп Оңтүстік Қазақстан үшін құжат тапсырған балалардың саны өте аз. Нақты айтқанда осы мектепте оқуға үміткер ретінде тіркеле алады деп саналған 5 мың баланың тек 800-і ғана құжат тапсырған. Сол себепті де құжат қабылдау жұмысы желтоқсанның 30-ына дейін жалғасатын болды. Ал алғашқы кезеңдегі тест сынақтары 6 қаңтарда өтпек.

Бұл білім ордалары оқушыларды физика-математика және химия-биология пәндері бойынша оқытады

Айта кету керек, республика бойынша бүгінге дейін 20 «Назарбаев зияткерлік мектептері» жұмыс істейді. Бұл мектептің өзгелерден басты ерекшелігі оқушы толығымен мемлекет қамқорлығына алынады. Тамағы, жатын орны, берілетін тереңдетілген білім барлығы да тегін. Талапкерлерді іріктеуде тек біліміне ғана мән берілмек.

Білім сапасына тоқталған К.Шәмшидинова мұғалімдердің біліктілігіне де қатысты пікір айтты. Білім сапасы мұғалімге байланысты екені даусыз. Осы тұрғыдан келгенде «Назарбаев зияткерлік мектебінде» сабақ беретін мұғалімдер шетелдерде білімін тереңдетіп, жетілдіріп келеді, сонымен қатар шетелдік білімді ұстаздар да біздің елге келіп жұмыс атқарып жатқанын айтты. Англия, Жаңа Зеландия, Австралия сияқты ғылымы мен білімі дамыған мемлекеттерден жоғары санаттағы ғалым ұстаздардан біздің өрендер білім алуда. Сонымен «Назарбаев зияткерлік мектебіне» құжат қабылдау №65 мектеп-гимназиясында күн сайын сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жалғасуда.

YouTube Трейлер

4 жауаптар - «Назарбаев мектебіне» құжат қабылдау жалғасады

  1. Оздеріңіз айтасыздар ол мектепке аз бала қабылданды дейсіздер, бірақта қаланың түпір түкпірінде дарынды баллар көп қой Неге мектепке келіп хабарлайсыздар мысалыға біз енді ғана білдікқой

    Аноним 09.01.2013 - 21:07 Ответить
  2. Ал 8 сыныптан сон тусуге бола ма?

    Касымхан 08.02.2014 - 11:32 Ответить
    • Саламатсың ба, Қасымхан. Әзірше бұл мектепке тек 6-сыныпты бітірген соң ғана 7-сыныпқа оқуға түсуге болады.

      Нұрлан Бектаев (NB22) 10.02.2014 - 13:12 Ответить
  3. 8-ден сон тусуге болмай ма сонда? Маа, не ушін кабылдамайд. Алдында мен бір сайттан окыдым да ол жакта кез-келген сыныптан тусуге болад деген.

    Касымхан 06.03.2014 - 09:48 Ответить

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Current ye@r *

Журналисттің авторлық бағанасы

«Ақылды болсаң неге кедейсің?»

Балалық шағы сексенінші жылдардың еншісінде кеткен жандар жақсы біледі. Қара құмырсқа мен сары құмырсқаны «советтер» және «немістер» деп бір-бірімен төбелестіріп ойнайтын ойын болатын. Тіпті қыр басында «ақтар» мен «қызылдар» болып атысып, жарысатынбыз. Бертін келе «бай» мен «кедей» деген бөлініс қайта белең алды. Қайта деп отырғаным, кеңестік қоғамның балалары үшін бай-кедей деген бөлініс сона-а-а-а-ау «Қозы Көрпеш-Баян […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР