Пәлеқор полицей бас бостандығынан айрылуы мүмкін

347
"Пагонымды жұлып алды деп" сұқбатта берген
«Пагонымды жұлып алды деп» сұқбатта берген

Пәлеқор полицей 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы обьлыстық прокуратура өкілдері хабарлады. Естеріңізде болса, өз погонын өзі жұлып алып, жүргізушіні кінәлі деп жар салған шымкенттік МАИ қызметкері туралы айтқан болатынбыз. Инспектор Мақсұт Мамедов бұл қылығы үшін он жылға дейін темір торда отыруы мүмкін. Дәл осы атышулы іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оқиға орнында жүргізушіге қоқан лоққы көрсеткен Мәмедовтен бөлек тағы үш полиция қызметкері болған екен. Қазір олардың бұл іске қатысының бар жоғы анықталуда.

Айта өтейік осыдан бірер апта бұрын бұл масқаралық туралы елбасының құқық қорғаушылармен болған кездесуінде де айтылған. Сол кезде Президент – Полицейлер қолына «қызыл куәлік» түскеннен кейін өзін патша, тәңір ретінде сезінеді-деп сынаған еді. Тіпті шымкенттік пәлеқор жол полицейінің өзіне өзі ұйымдастырған шабуылы туралы айтқан болатын.

А. Дауылбаев, ҚР Бас прокурор: «Жақын арада Шымкент қаласында Жол полициясының қызметкері Мамедов жүргізуші Әміровтің машинасын ешбір себепсіз тоқтатқан. Жүргізуші оқиғаны өзінің ұялы телефонына түсіріп алмақшы болғанда Мамедов пен оның қызметтестері автокөліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, жүргізушіге мемлекеттік нөмірі жоқ көлікпен жүргені үшін айыппұл салған. Бұған қоса, өздерінің иық белгілерін жұлып тастап, жүргізу тарапынан қызметкерге жалған шабуылдың орын алғанын қолдан жасамақшы болған. Оқиға орнына қарама-қарсы тұрған бейнекамера әділеттілікті орнатуға мүмкіндік берді. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған».