Úı «Арай-2013» байқауы өтуде Гала-концерт жұма күні ұйымдастырылып, марапаттау рәсімі де сол кезде болмақ.Айта өткен жөн, осынау эстрадалық ән байқауынан елімізге белгілі өнер майталмандары түлеп ұшқан. Оларыдң арасында Алтынай Жорабаева, Медеу Арынбаев, Бауыржан Исаев, Нұрлан Еспанов, Мадина Сәдуақасова сынды халықтың жүрегінен орын алған әншілер бар.

Гала-концерт жұма күні ұйымдастырылып, марапаттау рәсімі де сол кезде болмақ.Айта өткен жөн, осынау эстрадалық ән байқауынан елімізге белгілі өнер майталмандары түлеп ұшқан. Оларыдң арасында Алтынай Жорабаева, Медеу Арынбаев, Бауыржан Исаев, Нұрлан Еспанов, Мадина Сәдуақасова сынды халықтың жүрегінен орын алған әншілер бар.

Көрермендер залы болса лық толы. Баршасы әншілердің әндерін тыңдап, баға беру үшін жиналған. Және жанкүйерлер болуды да ұмытпайды.
Өнерсүйер қауым үміткерлердің қобалжуын жүрекпен сезіп отыр. Кімнің қалай орындағанын, орныдау шеберлігін бағамдауды да ұмытпайды. Кімнің жеңіске жетерін де топшылауда. Ендеше қазылар алқасы байқау қорытындысы мен көпшіліктің болжамы қаншалықты сәйкес келетінін гала-концертте байқайтын боламыз.
×