Созақтағы ағайын енді таза су ішеді

336
Мына жасөспірімдер енді суды алыстан тасып, қиналмайды

 

Мына жасөспірімдер енді суды алыстан тасып, қиналмайды
Мына жасөспірімдер енді суды алыстан тасып, қиналмайды

Созақтағы ағайынның тағы бір проблемасы азайды. Аудан орталығынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан Шу ауылының халқы енді таза су ішетін болды.

Осындағы ағайынға қол ұшын созған «ҚазАтомПром» компаниясының мамандары ауылға су тазартатын қондырғы орнатып берді.

Осылайша бұған дейін тіршілік нәрін 20 шақырым жерден тасып келген тұрғындар енді суды қалағанымызша ішетін болдық деп қуанып отыр.

Шу ауылында демеушілердің есебінен қазылған ұңғы құдыққа су тазартқыш қондырғы орнатылған. Тағы бір жағымды жаңалық, бұл құрал электр жарығын әдеттегі сымнан емес, күннің көзінен немесе желден қуаттанатын құралдан алады.