Жолан батыр ескерткіші ашылды

1661
Жолан батыр ескерткіші

Шымкентте Жолан батырға ескерткіш қойылды. Ол қаламыздағы «Теріскей» және «Шығыс» шағынаудандарының ортасындағы Жолан батыр көшесінің бойында орналасқан. Енді батыр атындағы көше мен Тұрар Рысқұлов көшелерінің қиылысында Төлеұлы Жоланның салт атты мүсіні жерлестерімізге патриоттық рух беріп тұрады.

Жолан батыр ескерткіші
Жолан батыр ескерткіші

Ескерткіштің ашылу рәсіміне халық көп жиналды. Мүсіннің салтанатты ашылу рәсімінде таспаны сенатор Болат Жылқышиев пен мәжіліс депутаты Уәлихан Бишімбаев қиды.

Ескерткішітң салтанатты ашылу сәті
Ескерткішітң салтанатты ашылу сәті
Ескерткіштің авторы - суретші Қуаныш Маликов
Ескерткіштің авторы – суретші Қуаныш Маликов

Одан кейін жиналған көпшілік батыр рухына арнап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vXoHcvGmbi0[/youtube]