М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ ұжымы Тәуелсіздік күнін ата өтті

606
студенттер патриоттық әндерді орындады

«Тәуелсіз елдің ақ таңы». Мардан Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның ұжымы төл мерекемізді осындай тақырыпта тойлады. Тарихи маңызы зор шарада озат студенттердің есімі аталып, ұлағатты ұстаздар марапатқа ие болды.

Үздік ұстаздар марапатталды
Үздік ұстаздар марапатталды

Тәуелсіздік тойы алдымен үздік ұстаздарды марапаттаудан басталды. Педагогтар қауымына ҚР Білім және ғылым министрлігі және қала әкімінің атынан арнайы құттықтау лебіздер жазылған алғыс хаттар табысталды.

Жәмила Балқыбекқызы, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ ұстазы: «Әсерім өте жоғары деп айтамын, қуаныштымын. Өйткені менің көп жылдар жасаған еңбегімді бағалады. Әлі де болса көптеген жұмыстар атқарып, ұстаздар тәрбиелей беремін деп ойлаймын. «Ұстаздан шәкірт озады» дейді, менің де оқушыларым биіктерден көрінсе, соның өзі менің еңбегімнің жанғаны.»

студенттер патриоттық әндерді орындады
Студенттер патриоттық әндерді орындады

.

Төл мерекемізде ұстаздар қауымы елдің өткенін еске салар шежіреге толы баяндламаларын оқыды. Студенттер де ұжымға концерттік бағдарламасын ұсынды. Айта кеткен жөн, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ осыдан 20 жыл бұрын жұмысын бастады. Бүгінде студенттерге гуманитарлық, құқықтану, экономикалық және техникалық сынды мамандықтар бойынша білім беріп келеді. Институт басшылығының айтуынша, оқу орнының бүгінгі айтулы жетістіктері – тәуелсіздіктің жемісі.

Ерлан  Оңласынов, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дің оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры: «Біздің ұстаздар жыл сайын шетелге барып, біліктілігін арттырып келеді. Олар халықаралық стандартқа сай жүйені де меңгерген. Бұған қоса студенттеріміз де шетелдерге барып, біз түзіскен келісім-шарт негізінде оқып келеді. Бұл олардың үздік маман болуына себеп болады деген сенімдеміз.»

Айта кетейік, 20 жылдық тарихы бар М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-да бүгінде 4000-нан астам студент білім алып жүр.