Сарыағашта 27 жоба жүзеге асты

241

Сарыағаш ауданында үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 27 жоба жүзеге асырылды. Мемлекеттік мәні бар бағдарлама табысты жүзеге асуда.

Жалпы Оңтүстікте индустрияландыру картасы аясындағы 223 жобаның 65 пайызы ауылдық жерлерде жүзеге асса, солардың бірі – Сарыағаш ауданы. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 2010-2014 жылдары аралығында жалпы құны 1,1 миллиард теңге болатын 27 жоба жүзеге асып, 356 жұмыс орны ашылған.

Биыл құны 1170,4 миллион теңгені құрайтын 2 жобаны іске асырып, индустрияландыру картасына енгізу межеленген. Бұл ретте 55 адам жұмыспен қамтылмақ. Әзірге құны 600 миллион теңге болатын 6 жобаны, яғни, 77 жұмыс орны іске қосу жоспарланса, жыл басынан бері дәл осы сомада 1 жоба жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар индустрияландыру картасына енгізу мақсатында көктемгі өзектендіруге 3 жоба ұсынылды.
Ал «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде биыл 17 жобаны іске асыру межеленіп отыр. Жыл басынан бері құны 320 миллион теңге болатын 3 жобаның ел игілігін көруде.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі