Шымкенттің қақ ортасында құбыр тесіліп, су атқылады

288

Шымкенттің орталығында су құбыры жарылып, бұрқақ атқылады. Жоғарыға шапшыған су сол маңдағы 5 қабатты үйдің төбесіне дейін жеткен.

Құбыр жарылған жерге жақын маңдағы үйге жапсарласа орналасқан тазалау ғимараты су астында қалды. Онда электр сымдары қысқа тұйықталып, барлық жұмысшы қауіпсіз жерге көшірілген.

Бұған қоса жақын маңдағы үйлердегі тұрғындар да сыртқа шығарылуда. Оқиға орнына барған мамандар су қысымын әурпірімдеп жүріп әрең төмендетіп, халықты сабырға шақырды. Айтуларынша, ескі жылу құбыры сыр беріп жарылған.