Қазығұрт асуында тағы қайғылы жол апаты болды

328

Шымкент маңында тағы қайғылы жол апаты болды. Шымкент-Ташкент тасжолындағы Қазығұрт асуына жақын жерде Фольксваген Джетта және Киа шағын автобусы соғысып қалған. Соның салдарынан екі адам мерт болып, алтауы ауруханаға жеткізілді.

Қайтыс болғандар – жеңіл көліктің 37 жастағы жүргізушісі мен Киа шағын автобусында отырған 35 жастағы жолаушы. Минивэннің ішінде тағы 6 адам болған. Жүргізушімен қоса барлығы ауруханаға жеткізілді. Қазір жол апаты болған жерде полиция жұмыс істеуде.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Фольксваген Джетта көлігі Қазығұрт ауданына бет алса, Киа-Карнивал маркалы көлік Шымкентке келе жатқан екен.