Мәслихат депутаттары қайта сайланады

461
Сайлау

Облыстық және қалалық мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына қайта сайлау өтеді. Тілшілермен кездескен облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев осылай деп хабарлады. 30 қазанда өтетін сайлауға кандидаттарды ұсыну 30 қыркүйекте аяқталды. Оған 10 үміткер қатысады деп күтілуде.

СайлауҚазақстанның сайлау туралы заңына сәйкес 30 қазанда облыстық және қалалық мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтеді. Облыстық мәслихатқа Мақтаарал ауданындағы №25 облыстық сайлау округі бойынша 1 депутат, Түркістан қалалық мәслихатына №13 қалалық сайлау округі бойынша 1 депутат сайланады. Айта кетейік, 2 депутат мандатымен қош айтысқан.

Әлібек Өмірәлиев, ОҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Мақтаарал ауданындағы №25 облыстық сайлау округінен сайланған Айдархан Орынбасаров өз еркімен арыз жазып, облыс мәслихатының депутаты мандатын тапсырған. Ал Түркістан қалалық мәслихатына №13 қалалық сайлау округі бойынша алтыншы шақырылған облыс мәслихатының депутаты Серік Орманов өзге өңірге қоныс аударуына байланысты мандатын тапсырды.»

Облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 30 қыркүйекте аяқталған. Ресми мәліметтер бойынша №25 облыстық сайлау округі бойынша 6 кандидат, оның ішінде бесеуі өзін өзі ұсынса, біреуі – саяси партиядан. Ал №13 Түркістан қалалық сайлау округі бойынша 4 кандидаттың 3 өзін-өзі ұсыну жолымен, 1 саяси партиядан ұсынылған. Жиында төраға облыс мәслихатының жаңа хатшысын сайлау, Әл Фараби аудандық сотта қылмысты ісі қаралып жатқан Амангелді Сопбеков және қатарынан 3 сессияның жұмысына қатыспаған облыстық мәслихаттың депутаты Абай Көмекбаевқа қатысты сұрақтарға жауап берді.

Әлібек Өмірәлиев: «Хатшыны депутаттар өздері сайлайды. Қазіргі міндетін Досболов орындап жатыр. Ал Сопбековтың ісі бойынша сот шешімі күтілуде. Абай Көмекбаев құжаттары тұрақты комиссияларда қабылданып, сессияға жіберілмеді.»