Еңбекші ауданында балалар алаңшалары ашылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қала тұрғындарына тарту жасалды. Еңбекші ауданындағы 15 шағынауданы және Цементшілер елдімекенінің тұрғындары бір қуанып қалды. Ауланы жаңалап, балалар алаңшасын салып берген мердігерлерге халықтың алғысы шексіз. Ал балалар көптен күткен ойын алаңына асығып, асыр салып жүр.

Еңбекші ауданында балалар алаңшалары ашылды

Еңбекші ауданындағы бұл аула мен балалар алаңшасын «Жедел құрылыс» серіктестігі салды. Биыл қыркүйекте басталған жұмыс мерзімінен бұрын аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Бұл — біздің Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арналған тұрғындарға тартуымыз дейді құрылысшылар.

Еңбекші ауданында балалар алаңшалары ашылды

Талғат Бейсенов, «Жедел құрылыс» ЖШС басшысы: «Қалалық бюджеттен бөлінген 43 млн теңге толық игерілді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өз үлесімізді қостық. Құрылыс сапалы жасалды. Оған кепілдік береміз. Біз 2008 жылдан бері құрылыс саласында жұмыс істеп келеміз.»

Еңбекші ауданында балалар алаңшалары ашылды

Жалпы, Еңбекші ауданында 630 көп қабатты үй бар. Биыл қалалық бюджеттен бөлінген 235 млн теңгеге 22 үй ауласы абаттандырылды. Ал келер жылы 58 аула көріктендіріледі деп жоспарлануда.

Ғалымжан Илясов, Еңбекші ауданының әкімі: «Биылғы аулалар мен балалар алаңшасының құрылысында ерекшелік бар. Сапасына баса мән берілді .Мердігерлердің жұмысы қадағалауға алынып, жобалық-сметалық құжаттан ауытқуға жол берілмеді. Ойын аттракциондары мен аулалардың сәулеті мен дизайны ересектерге де, балаларға да ұнады.»

Еңбекші ауданында балалар алаңшалары ашылды

15-шағынаудандағы №5 үйдің тұрғындары балалар алаңшасының құрылысын көптен күткен болатын. Енді көріктендірілген аула, ыңғайластырылған орындықтар және ойын алаңшасы тұрғындардың көңілінен шығып отыр.

 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР