Құтырудан сақтаныңыздар

Нұрдаулеттің жарасы жазылуда
Нұрдаулеттің жарасы жазылуда

5-жасар Нұдаулетті көршісінің иті абайсызда тістеп алыпты. Жұмыста болған анасы баланы көршісіне тастап кеткен екен. Забира баласын емханаға апарып, дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Қазір баланың жағдайы жақсы. Оған қажетті ем домның уақытты жасалғанының арқасында  Нұрдаулеттің жарасы жазылуға жақын екен. Өткен жылы ит қауып қалалық Амбуллатуриялық хирургия-травматология орталығына шағымданып келген науқастардың саны 3325 болса, биыл бұл көрсеткіш көбеймесе, азаймаған дейді аталған орталықтың бас дәрігері Серік Мыңбаев.

 Адамдар  өмірлеріне төніп тұрған қауіпті өз қолдарымен жасайды. Уақытылы  үй жануарларына вакцина салдырмайды. Осының салдарынан иттері қожайындарына шауып, нәтижесінде құтырма ауруынан өмірлерімен қош айтысқандарда тіркелді.

Қаламызда жақында осы мәселеге қатысты қанғыбас иттерді аулау операциясы өткізілді.