Спорт 

Шымкентте бокстан халықаралық жарыс аяқталды

Қазақстан Парламенті мәжілісінің депутаты Сәуірбай Есжановтың жүлдесіне арналған дода осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы 70-тен аса жасөспірім қолғап түйістірді. Олардың арасында Өзбекстанмен Қырғызстанның боксшылары да болды. Нәтижесінде 11 жерлесіміз алтыннан алқа тақты, ал 46 келі салмақта өзбекстандық спортшы Эльдар Сарыбаев жеңіске жетсе, 50 келідегілер арасында Оралдық Наурызбек Абаев бірінші орыннан көрінді. Жеңімпаздардың тізімі: 44 келі салмақта: Райымбек Жақыпбек — ОҚО, 46 келі салмақта: Элдар САрыбаев — Өзбекстан, 48 келі салмақта: Бекжан Әбілқасым — ОҚО, 50 келі салмақта: Наурызбек Абаев — Орал, 52 келі салмақта: Жамолиддин Мойдинов — Шымкент, 54 келі салмақта: Рауан Затулла —…

Read More
Жаңалықтар 

Мас жүргізушіге жол жоқ

Шымкенттік көлік жүргізушілер масаң күйде рөлге отыруды қайта әдетке айналдыра бастапты. Бұған кең көлемде жүргізілген рейдтік шара барысында көз жеткізілді. Шұғыл шараға жол және патрульдік полиция өкілдері мен арнайы жасақ жұмылдырылды. Екі күнде полиция қызметкерлері 1090 ереже бұзушылықты анықтап, 193 автокөлік айыптұрағына қойылды. Көлікті мас күйінде басқарған 33 жүргізуші ұсталды. Қанша айыппұл салынып, қанша рет ескерту берілсе шымкенттік жүргізушілер рөлге ішпей отыруда үйрене алмай-ак койды. Мас халде көлік жүргізген басқаны айтпағанда өзінің өміріне қауіпті екенін түсініп баға алмағандар, тағы да айып тұрағына жөнелтілді.

Read More
Оқыс оқиға 

Құрбандыққа шалу қауесеті-оқушылардың ойынына айналды

Оңтүстікте құрбан айт мейрамы қарсаңында балалар ұрланып, құрбандыққа шалынады деген қауесет таратылған тағы үш жәйт тіркелген. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Мақтаарал ауданынан ұшқан жел сөз енді Төлеби, Түлкібас және Сайрам аудандарына да келіп жетіпті. Бұл келеңсіздікті тіпті кейбір мектеп оқушылары ойынға алдыра бастаған. Тұрғындарды дүрліктірген даурықпа әңгімені таратушылар қазір тергеуге алынған. Осыдан тура төрт күн бұрын, Түлкібас ауданындағы Макаренко атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратына әлдебіреу «Өлтіреді», «Әбіл-Һайіб» және «Осы мектептен 7 пенде құрбан болады» деп жазып кетіпті. Бұны көрген мектеп директоры дереу полицияға хабар берген. Аталған оқиға бойынша…

Read More
Жаңалықтар 

Судың да сұрауы бар

Ауызсу мен техникалық суды үнемді пайдалану — заман талабы. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і 2010-2012 жылдарға арналған орта мерзімдік инвестициялық міндеттерді өз деңгейінде орындауда. Жоспар кезең- кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Нүриддин ЖАРБОЛОВ, «Су ресурстары -Маркетинг» ЖШС-і бас директорының орынбасары: Ол тұрғындардың суды тұтыну көлеміне қарай сарапталған тарфитерге көшу арқылы жүзеге асуда. Сондай-ақ, шығындарды болдырмаудың, суды тиімді пайдалануда есеп құралдарының үлесі мол дейді мамандар. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов суды бірнеше рет қайта пайдалану мәселесіне аса көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. Нұрлан Алдабергенов, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы: Мәселен көліктерді жуу…

Read More
Спорт 

Премьер лига командалары арасында ҚР чемпионаты аяқталды

«Ордабасы» футбол командасы биылғы маусымдағы өзінің жоспарын орындады. Алғашқы алтылыққа ілінуі тиіс болатын. Мақсатқа қол жеткізді, алайда сол алтыншы орыннан жоғары көтерілу биыл жерлестерімізге бұйырмапты. Ел чемпионатының биылғы маусымдағы соңғы тур ойынын ордабасылықтар өз алаңында өткізді. «Ақтөбе» футболшыларымен кездесу оңай болмасы анық еді. Өйткені, олар қола медаль үшін таласқа түсіп жатқан команда. Ол дегеніміз, бұл кездесуде қонақтар үш ұпайды міндетті түрде жеңіп алуы тиіс болатын. Матчтың алғашқы минутынан бастап-ақ ақтөбеліктер басымдылық танытты.  Ойынның 21-ші минутында Костич еспті ашты, жеті минут өте ақтөбелік Аверченко есепті еселейді. Алайда, 29-шы минутта Азат Нұрғалиев…

Read More
Жаңалықтар 

Тірідей тастанды табылды

Әл-Фараби аудандық полиция бөлімнің қызметкерлері алты жастағы Бағдәулет Ермұратты бейімдеу орталығына жеткізді. Полицейлер оны мешіт жанынан тауып алған болатын. Баланың қолында ұлты, туылған жылы, аты-жөні жазылған хат болған. Сонымен қатар, парақта анасының маскүнемдікке салынып, ұлын қараусыз қалдырып кеткені де жазылған. Алты жасар Бақдәулет қолына қалам алып мектепке де барғандығын айтады. Мұндағы балалармен тез тіл табысқан жайдары мінез бүлдіршін болған жайды түсіндіруге тырысты. Баланың сөзіне қарағанда туған анасы Рабиға ішімдіктің құлына айналып бауыр еті баласынан бас тартқан көрінеді.Балғынды балалар үйіне өткізе алмаған туысы орталық мешітке қалдырып кеткен көрінеді. Туғандарынан жылылық сезіне…

Read More