сенім білдірген шәкірттерді жаңа басшылық әзірге жаңа ғимаратпен қамти алмай отыр

Бүкіл жаз бойы лицензиясы алынады деп дүрліккен Академиялық Инновациялық Университет студенттері енді келешегіне алаңдамаса да болады. Оқу орнына жаңа басшы келіп, бәрі реттелген секілді. Алайда, лицензиясын сақтап қалған университетте қазір ғимарат мәселесі өзекті болып тұр.  Айта кетерлігі, биыл Академиялық Инновациялық Университетте талапкерлерді қабылдаған жоқ. Қазір оқу мекемесінде тек 19 мамандық бойынша ғана білім беруде.