Балалар теміржолы жөнделді, ал «Тұлпар» станциясының құрылысы енді басталмақ

65
Нысан жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда

1979 жылы халықаралық балалар күніне ашылған Ғани Мұратбаев атындағы балалар теміржолы көп жылдары қараусыз тұрған болатын. Биыл бюджеттен қаржы қарастырылып,станцияның негізгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Тұрғын үй МКҚМ» ЖШС-і бастаған құрылыс барысында нысанның алаңы көріктендіріліп, шойын жол да қалыпына келтірілген. Соңғы тұрақта ,»Тұлпар»станциясында құрылысты бастауға қала әкімдігімен жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Мұнда ескірген әкімшілік және касса ғимараттары жөнделіп, кіреберіс қақпасы жаңадан салынады. Нысан жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.