1979 жылы халықаралық балалар күніне ашылған Ғани Мұратбаев атындағы балалар теміржолы көп жылдары қараусыз тұрған болатын. Биыл бюджеттен қаржы қарастырылып,станцияның негізгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Тұрғын үй МКҚМ» ЖШС-і бастаған құрылыс барысында нысанның алаңы көріктендіріліп, шойын жол да қалыпына келтірілген. Соңғы тұрақта ,»Тұлпар»станциясында құрылысты бастауға қала әкімдігімен жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Мұнда ескірген әкімшілік және касса ғимараттары жөнделіп, кіреберіс қақпасы жаңадан салынады. Нысан жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.