Елге ораламын деп баспанасыз жүр

Не үйі жоқ, не күйі жоқ. Өбекстанан бір жыл бұрын келген 1-ші топтағы мүгедек Абдужалал Нұрымбетов шиеттей бала-шағасымен қала сыртындағы біреудің бітпеген баспанасын күнелтуде. Бұған да шүкіршілік дейді отағасы. Себебі, отбасындағы 7 адаммен бірге бірнеше ай бойы ашық аспан астында шатыр тігіп күнелтіп келген. Жанұя мүшелері суық тиіп ауыра берген соң, біреудің баспанасына кірген. Дегенмен, не жарығңы, не суы жоқ бітпеген үйдің өзінен шығуға мәжбүр. Күздің қара суығында баспанасыз қалған отбасы енді тағы далада қалатын болды. Ал, кезінде көмек беруге уәде еткен атқамінерлер қанша ай бойы көмекті ауызша түрде беріп келеді дейді күйінген қандасымыз.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz