Кентауда мұғалімдер де «форма» киеді


Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы М. Қашғари жалпы орта мектебі оқу жылын жаңаша қарсы алды. Аталған білім ордасының ұжымы бірыңғай мектеп формасына көшіп отыр. Арнайы тапсырыс арқылы алынған киімдер өте сапалы, әрі ұстаздардың қалтасына да тиімді. Бар болғаны әр мұғалімге 7 мың теңге.
«Біздің оқушыларымыз толығымен мектеп формасын киеді. Биылдан бастап бұл жүйені мұғалімдер арасына енгіздік» – дейді мектеп басшысы А. Акмурзин.