Сарыағаштан шыққандар бас қосады

Сарыағаш ауданының әкімі  ауданда туып-өскен, қазір еліміздің әр аймағында түрлі қызметте жүрген азаматтардың басын қосуды жөн көріпті. Туған жерге тағзым жасата отырып, ауданның көркейюіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, әдеби, мәдени  іс-шаралар ұйымдастыруға, елдің рухын көтеруге Сарыағаштан түлеп ұшқандар мұрындық болса дегенді ниет етіп отыр.

Айта кетейік, Сарыағаштан есімдері елге белгілі ақын-жазушылар -Төлеген Айбергенов,

Ханбибі Есенқарақызы, Әмзе  Қалмырзаев, Шойбек Орынбай, Анар Аспан, Асхан Майлыбаева, кезінде сенатор болган Сайлаукүл Барахова, ғалым, қоғам қайраткері, марқұм Немат Келімбетов, оның ұлы, белгілі экономист-саясаткер Қайрат Келімбетов, тағы басқа азаматтар түлеп ұшқан.