Шымкентке «200 жүк» жеткізілді

Астана қаласындағы әскери бөлімшелердің бірінде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздың денесі бүгін туған жері Шыкментке жеткізілді. Бұл қайғылы жағдай қалай болғанын әзірге  марқұмның туған-туыстары да нақ басып айта алмауда. Әскерилердің де мұндай жағдайда айтатыны  көп ретте «өз-өзіне қол жұмсады» деп құтылу болатыны да белгілі. Қазір мәселенің мән-жайын «Отырар» телеарнасының тілшілері аныктау үстінде