Үш бірдей қуаныш. Мұндай хабарды естіген Рашида Сүгірова мқұны дәрігерлердің қалжыңы деп ұғыпты. Сене алмаған ол дәрігерлер тек үш бірдей сәбиін қолына ұстатқан кезде көз жеткізген. Енді ол 6 баланың анасы. Өйткені оны үйде екі қызы мен ұлы күтіп отыр.
Бірден үш баланың әкесі атанған Бахыт Сүгіровтің де қуанышы шексіз. Ол екі ұлының болғанын армандаған екен. Бірақ қос қуаныш қатарына келіп, бірден екі қыз бен ұлды болды.
Қазір үш нәресте медбикелердің қарауында. Әр сәбидің салмағы 2 кг-нан артық. Қазақстанда үшемнің туылуы сирек кездесетін жағдай. Бұл дегеніміз тек 5 мың туылу кезінде ілуде біреу-ақ болатын құбылыс.
Бұл түні тағы да бір үшем дүние есігін ашты. Азизхан Бухашев бір емес, үш қыздың әкесі атанды. Дүние есігін енді ашқан сәбилерге азан шақырылып, ат та қойылыпты: Айсель, Нурсель, Жансай. Әзірге, оларды тіпті ата-аналары да ажырата алмауда.
Жас аналардың көмекшілері жетерлік, сондықтан оларға медбикелер мен дәрігерлер көмектерін аямауда. Ал үйде немерелерін күткен аталар мен әжелер эстафетаға дайындалуда.