Қоқыспен «күресуге» 50 мың қол жұмылды

Шығарылған қоқыстар жұмыстың нәтижесін көрсетті

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. 24-ші қыркүйекте 50 мыңға жуық шымкенттік республикалық сенбілікке шықты. Тұрғындар таң сәріден қала көшелері мен саябақтарды, өз аулаларын тазартып, көріктендіруге көп үлес қосты. Қоқыстармен «күресуге» барлық мекемелер мен кәсіпорындар, білім ошақтары мен тұрғындар ат салысты. Ал «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің үйінді-қалдықтарды қала сыртына шығаруға жұмыс күші жетпегендіктен, өзге де жеке компаниялардың 50-ге жуық жүк тасу машиналары жұмысқа тартылды. Тұрғындар тазалық денсаулық кепілі, әрі мәдениеттіліктің белгісі. Сондықтан қаламыздың көркем, ауасының таза болуы да біздерге байланысты деп біледі.

Алайда, жөн-жосықсыз қалдықтарды шашып, қоқыстарды тастап кететін адамдардың өздері. Олар өз қолдарымен жинаса, кейін қайта шашпайтынынына сенімді. Ал қала әкімінің орынбасарова Бахадыр Нарымбетов жаңадан ашылған қоқысты өңдейтін зауыт қаладан шығарылған қалдықтардың 80 пайызын өңдейтін болады деп жеткізді. Мұндай шарадан жастар да шет қалмады. Жастар денсаулық сақтау орталығының еріктілер тобы «Тазалықты сақта» атты акция ұйымдастырды. 40-қа жуық жастар қасиетті саналатын Қоштар ата өзенінің бойын қоқыстардан тазартып,бөтелкелер мен қалдықтардан арылтты.