Шымкенттік Рыхсыбай Мамедов бас жүлдені жеңіп алды

Откен жылы ғана қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша ЖОО-н тәмамдаған Рыхсыбайдың биыл екі қуанышы қатарынан келді. Ол жастар комитетінің төрағасы болып сайланса, екінші   өзге ұлттар арасында өткен «Мемкекеттік тілді білу-парызың» атты жарыстан бас жүлдені жеңіп алды.

 Шымкенттік өзбек ұлтының өкілі қазіқ тілін үйренудің қиын еместігін айтады. Оған кішкентайымнан қазақ балаларымен достасуым және тілге деген қызығушылығым мен ниетім әсер етті дейді. Өйткені мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлей білу — бұл сайыста қойылған басты талап болатын.

Қазақстанның түкпір түкпірінен қатысқан 14 үміткердің ішінде ең жасы біздің жерлесіміз. Олардың арасында тек өзге ұлт өкілдерінен жиналған қызметкерлер мен мұғалімдер, студенттер де болыпты. Жеңістен дәмелілер білім жарысында қазақ тілінде шығарма жазу, өз ұлты туралы баяндап беру және өнерін көрсету сынды сындардан өткен.

Өзгелерден үздік шыққан кейіпкеріміз екі бірдей дипломға ие болды. Ол қазақ тілін жетік меңгергенін дәлелдеп, оңтүстік өңірдің мәртебесін тағы бір марқайтты. Қазірде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистратурада оқып, білімін шыңдауда.