«Тимур және оның командасы» қайта оралды

Облысымызда өңіріміздің жастарынан құралған фестиваль — керуені өтуде. «Менің Қазақстаным — менің болашағым!» атты бұл іс-шара патриоттық тәрбие беру мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Облысымызда 384 ҰОС-ның ардагері бар.

Арыс

Ауылдарда осындай қарттарға қолғабыс көрсететін «Мейірім» топтары құрылмақ. Ілгері уақыттағы тимуршылар командасын елестететіні бар. Бейбіт заманның жастары осы күнге жеткізген ата-бабасының ерлігін ешқашан ұмытпайды. Оларға әрдайым қолғабыс көрсетуді кейінгі ұрпақ парызы санайды. Жастардың алғашқы сапарының бағыты ҰОС-ы ардагерлерінің үйінен басталды.

Аудандарымыздың барлығын қамтитын фестиваль керуен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында болашақта елге қорған болатын жас азаматтарды әскери өмірдің тынысымен таныстырды. Әрі «Мәдени мұра халық игілігі» деп Оңтүстік Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын жастар арасында насихаттады
Ұйымдастырушылар мұны бір мезгілдік іс-шара болып қалмай оның жалғасын табуына ықпал жасамақ. Ал керуен өзге аудан орталықтарында болып 28 ші қыркүйекте Шымкентке келеді.

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz