Жастар сезімін білдірудің жаңа әдісін ойлап табуда

Шымкенттік жастар өздері туралы  «естелік» қалдыруды жөн көрді.  Ғашықтар енді бір-біріне сезімін  бетпе-бет немесе смс-хаттар арқылы емес,  қаламыздағы көркем, тарихи орындарда жазу арқылы білдіруге көшкен.

 Ордабасы алаңында жаңадан салынған Тәуелсіздік көпірінің ұстағышында  жазылған  мына жазулар соның дәлелі. Мұнда бір емес бірнеше қолтаңба, есімдер мен ғашықтық сөздер арнайы бояумен жазылған.  Еліміздің болашағы жастар тарихи құндылықтарды сақтау міндетін естен шығарған секілді.