Көзіңе кутім жасай аласың ба?

тегін тексеруден өтіңіз

Облыстық көз аурулары ауруханасы13-қазан күні «жанарыңды күте білесің бе?» деген акция ұйымдастырмақ. Мамандар облыс тұрғындарын тегін тексеруден өткізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен қазан айының екінші бейсенбісі халықаралық көз аурулары күні (World Sight Day)  деп аталып келеді.

Халықаралық агенттіктің хабарлауынша, 284 миллионге жуық адамның көзі нашар көреді, оның 39 миллионы тіптен көрмейді. Ал 19 миллион сәбидің көз жанарында проблема бар. Егер уақтылы емделгенде соқырлықтың 80%  -ның алдын алуға болар еді.