Басынан оқ жарақатын алып, ауруханаға түскен әскери қызметшінің жағдайы ауыр

4
Фото: Отырар.кз

Күні кеше басынан оқ жарақатын алып, Арыс аудандық ауруханаға түскен әскери бүгін ауыр жағдайда облыстық клиникалық ауруханаға ауыстырылды.

Мамандар оның жағдайын тұрақты-ауыр деп бағалап отыр.

«Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша әскери қызметшінің денсаулығы қалыпты-ауыр жағдайда. Ем шараларын күшейту үшін ол аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға ауыстырылды», — дейді Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Арыстағы әскери бөлім қызметкері травматикалық қарудан жарақат алған еді. Оқ маманның басына тиген. Әскери гарнизон таратқан мәліметке сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық жанжалға байланысты өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

«16 қыркүйекте тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде Арыс гарнизоны әскери бөлімдері бірінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі травматикалық қарудан басынан жарақат алды. Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Келісімшарт бойынша әскери қызметші аудандық ауруханаға жеткізілді. Жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде», — дейді Шымкент гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы Исламбек Қалдыбеков.