Мұнай өндеу зауытының қызметкерлері марапатталды

Мараппатау сәті

Төс белгілері аталған өңдіріс орнында еңбек етіп келе жатқан азаматтарға берілді.

Елдің қарыштап дамуына және мемлекет болып қалыптасуына сүбелі үлес қосқаны үшін, ҚР бірлігінің нығаюына атсалысқан ерен еңбегі үшін «ПКОП» ЖШС-нің президенті Асылбек Карибаев, өндіріс бойынша директоры Болат Баетов, С-100 №1 цехының басшысы Бимихамбетов Тағыбай технологиялық қондырғылар бөлімінің бас операторы Сұлтанбек Салимбаев марапатталды.

Қазір Шымкенттік мұнай өндеу зауыты жанар жағармай өндіру саласын нығайтып, оның сапасын реттеуде. Ал бұдан алдын аталған өндіріс орнының қызметкерлері қалай қиыншылықтан бас алып шығуға болатынын ойлап бақты.

«Мен бұл ұжымда қызмет жасап жатқаныма өкінбеймін» -деп жымияды өндіріс бөлімінің директоры.

Алайда, тоқырау заманында ШНОС өз қызметкерлерінің санын қысқартпай, айлығын уақытысында төлеп қиындықты жеңіп шықты.

Сонымен бірге,  құрмет грамотасымен «ПетроКазахстан Ойл Продактс» компаниясының коммерция жағынан президентінің орынбасары Асқар Тұрысбеков те марапатталды.