Қайрат Нұртас 26-ақпан күні елордамыз Астана қаласында жеке шығармашылық кешін берді. «Сені ойлай» деп аталатын концерттік кешке Қайратпен бірге Сырым Исабаев пен Бақыт Алтай да өнер көрсеткен. Халықтың көптеп жиналғандығы сонша концертті тамашалай алмай, сыртта қалып қойғандар өте көп болыпты.
Гүлзира Үсенқызы, Қайраттың анасы әрі продюсері: «Біз халықтың мұншалықты өте көп жиналатынын күтпедік. Екінші рет өткізбек ойымызда болды. Бірақ мен ұлымды аядым. Ол қатты шаршады. Ал Қайраттың өнеріне тәнті халыққа айтар алғысым шексіз. Қазір біз келесі концерттік кешке дайындық үстіндеміз. Келесі концертті Шымкент қаласында өткізсек деп отырмыз. Аталған концертте тек Қайраттың өзі өнер көрсетеді дейді Гүлзира Үсенқызы. Ал соңғы кездері Қайрат жайында айтылып жүрген алып қашпа әңгімелер жақында тиылды. Өйткені Республикалық телеарналардағы бірнеше жобаларға қатысып, осы мәселенің мән жайын реттедік. Өйткені, Қайраттың шығармашылығына қастандық жасамақ болғандардың ісін әшкерлегіміз келді. Өз сөзімде айтқым келетіні ол Қайраттың өз тындармандары алдындағы адалдығы».
Қайраттың ендігі алға қойған жоспарлары жаңа әндерді көптеп жарыққа шығарып, оларға бейне клип түсіру. Ал наурыз айының орта шеңінде Қайрат Қытай еліне гастрольдік сапармен бармақ. Өйткені, ол жақтағы қандастарымыз әншіні өте жиі шақыртып тұрады екен. Көптен бері айтылып жүрген Қайрат жайындағы кино кейінге қалдырылыпты. Әншінің оған уақытысы әзірге жоқ екен.