Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын жүйелі және тиімді қорғауға, маңызды жобалардың іске асырылуын барлық кезеңдерде сүйемелдеуге бағытталған. Белгілісі елімізде инвесторларға барынша жағдай жасалған. Оларға түрлі тиімді ұсыныстар да қаралған. Бұдан бөлек, құқық қорғау жағынан да көмек көп.
Осы жұмыс аясында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры мақта, аралас және тігін маталар өндірісі бойынша инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «Шабитекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен жұмыс кездесу өткізді (инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 миллиард теңгеден асады, 120 жаңа жұмыс орнын құру көзделген).
Кездесу барысында инвестормен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті тарапынан бұрын жеткізілген өнім үшін берешегі туралы проблемалық мәселе айтылды. 160 миллион теңге мөлшеріндегі берешек салықтық бересінің пайда болуына және кәсіпорын қызметінің тұрақтылығына қауіп төнуіне әкелді.
Шымкент қалалық прокуратурасының араласуынан кейін Комитет берешекті толық көлемде өтеді. Түскен қаражат кәсіпорынға салықтық міндеттемелерін уақтылы өтеуге және жоспарлы режимде жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берді. Осылайша әділеттілік салтанат құрды. Алдағы уақытта прокуратура органдары мұндай кем-кетіктердің орын алмауы үшін еңбектенетін болады.
Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығына немесе Фронт-офиске хабарласа алады. Осылайша өз құқықтарын қорғауға болады. Прокуратура органдары алдағы уақытта серіктестік өкілдерінің құқығын қорғауға мүдделі. Өйткені кез-келген кәсіпорын болсын, жеке азамат болсын бәрінің де құқықтары қорғалуы тиіс.







