Қаланы қаңғыбас иттер қаптады

382

Осындай шағымдарын айтып студиямызға бірнеше мәрте қоңырау шалған тұрғындар көше торыған иттердің тіпті жас балаларға шабуыл жасау жағдайларының кезікенін айтып қынжалуда. Балаларымызды мектепке жіберуге қорқамыз, ал ит аулайтын бригаданы шақырып келтіре алмаймыз дейді олар. Шамданған тұрғындардың шағымы бойынша, қала әкімдігінің ветеринария бөлімінің мамандары жергілікті жұртпен кездесті. Десе дегендей қала маңындағы елдімекендердің көшесінен жас балалар түгілі ересектер елеңсіз жүре алмайды.

Қараусыз иттердің көптігі соншалық, олардың қайсы бірінің егесі бар-жоғын ажырату мүмкін емес. «Қайтпас 2» шағын ауданының 10 жасар тұрғыны Еркебұлан Жақсымбетті осыдан екі күн бұрын көшедегі ит қапқан. Оның ата-анасы үшін сол төрт аяқтының егесін табу оңайға түспеді. Сөйте тұра, табылған Иттің егесі өзін кінәлі сезінгісі келмейді.

Бірнеше күнен бері ит аулайтын топты шақырып келтіре алмай жүрген жерлестеріміздің бірі Бозарық ауылының тұрғындары. Олар Шымкент қаласында ит аулайтын бригаданың бар екенін теледидардан ғана көрген екен. Ал бүгін біздің тілшілермен бірге барған арнайы мамандарды көріп, көкейлеріндегі шағымдарын айтып қалуға тырысып жатты.

Міне осылай қала халқы қаңғыбас иттер көбейді деп мұңдарын шақса, қаңтар айында бюджеттен бөлінген 5 млн. теңге қаражатты игеруге кіріскен. «Теспе» ЖШС-і күн сайын 100-ден астам ит пен мысық аулап, жұмысты қатырып атқарып жатырмыз дейді.  Үш айда 3 мың ит аулау жоспары бар. Ит ататын 6 топ жасақталған.  Бір жылға бюджеттен 20 млн. теңге бөлінген. Бірақ тұрғындарды шағымын ескерсек, жұмысты қатырып атқарып жатқан топтың ісі тек сөз жүзінде ғана сияқты.