Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген ұстанымды өмір талабы деп есептейді онколог дәрігерлер. Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар көбейіп отыр. Осы себепті дәрігерлер жылда ақпанның 1 мен 10-ы аралығында онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша онкүндік өткізіп келеді.
Бұл шара аясында биыл ОҚО бойынша, 349 адам қаралған, оның 252-сі ауыл тұрғындары. Нәтижеде аурудың алғашқы сатыларында 7 науқаста қатерлі ісік анықталып отыр.
Дінмұхаммед Әбдіқайымұлы: «7 адам дегеніміз бұл жоғары көрсеткіш.1-2 сатыда анықталып отыр. Жұтқыншақ, өңеш рагі, өкпе, сүт бездерінің обыры әлі күнге дейін алдыңғы кезекте келеді. Алғашқы сатыда байқасақ, емдеуге болады деген сөз».
7 қатерлі ісіктің бірі-өкпе рагы торопо обдеменаль кабинетінде анықталыпты. Рафаэль Сұлтанов жоғары санаттағы дәрігер. Хирургке өпке, жұтқыншағы мазалағандар, яғни, азаматтар көкірек және құрсақ аймағын тексеруге келген.
Рафаэль Сұлтанов, жоғары санаттағы дәрігер: «Онкүндік жайлы әрине қаншама жерде хабарланды. Онкопотологиясы бар ма деп уайымдаған 65 адамды қарап, 1-уінде қатерлі ісіктің енді басталған жағдайын анықтадық. Енді оны химиялық сәулелік еммен емдесек жазылып кетуге мүмкіндігі мол».
Онкологтардың пікірінше, қазіргі кезде қатерлі ісіктің пайда болу себептері белгілі, яғни бұл аурулардың үштен бірін алдын алуға мүмкіндік береді. Обыр дерті неғұрлым ерте анықталып, ем жүргізілсе, науқас үшінде соғұрлым тиімді болмақ. Өкінішке орай, дәл қазіргі уақытта пациенттердің 30% жуығы онколог-мамандарға аурудың асқынған сатысында қаралады. Он күндік аяқталғаннан кейін де мамандардың кеңесін алып, көңіліндегі уайымын сейілтпекке ниеттенгендердің саны басым. Бұл да болса, атқарылған шараның нәтижесі болса керек.