Қошқар ата өзенінде көтерілген су үйлердің ауласына дейін жетті

260

Қошқар ата өзенінде көтерілген су үйлердің ауласына дейін жетті.

Күннің күрт жылынып кешкісін жауған нөсерлі жаңбырдың салдарынан Қошқар ата өзенінде көтерілген су «Самал 3» шағын ауданындағы Керейхан көшесінің бойындағы бірнеше үйдің ауласына дейін жеткен.

Оқиға орнына ТЖБасқармасының мамандары барып, бұзылғын арықтың жағалауын бекіту үшін 300 қап құм жеткізілген. Арық ішіне тұрғындардың өзі қойған екі тар құбыр алынып тасталды.

Қала әкімдігінің өкілдері адам және материалдық шығынды болдырмауға тырысып, барлық жағдай жасалады деп отыр. Олардың айтуынша, су үй ішіне кірген жағдайда, ондағы отбасылар паналайтын орындар да дайындалған. Түн жарымға дейін созылған жұмыстардың нәтижесінде судың деңгейі біршама төмен түскен.