Өткен демалыс күндері облыс жолдарында адам өліміне әкеп соққан бірнеше ірі жол апаттары орын алды. Жұма күні кешке Дендрарий бағына жақын маңда Ауди көлігінің иесі рөлді игере алмай, бағанаға барып соққан. Нәтижесінде бетон баған автокөлікке құлаған. Көлікте болғандар зардап шеккен жоқ. Олар оқиға болған жерден таса болған.
Ал сенбі күні Бозарыққа бағыт алған «Ауди 80» көлігінің 33 жастағы иесіде рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, Автобусқа соққан. Нәтижесінде жүргізуші мен оның 29 жастағы әйелі оқиға болған жерде қайтыс болды. Олардың денесін көліктен құтқарушылар шығарып алды. ТЖД-нің мамандарының мәлімдеуінше автобустағы жолаушылар зардап шеккен жоқ.
Ал 12-ші ақпан күні таңертеңгісін Ордабасы ауданы Көкбұлақ елдімекендегі Темір жол өткелінде Камаз бен Алматы — Атырау бағытындағы поезд соқтығысқан. Оқиға болған жерде жүк көлігінің 43- жастағы жүргізушісі және 24-жастағы жолаушы қайтыс болды. Болған жол апаттарына қатысты тексеру жүргізілетін болады.